Полицейлер сұлулық салонында жұмыс жасайтын шаштаразды алдаған алаяқты анықтады

       Түлкібас аудандық полиция бөліміне алаяқтық дерегі бойынша жергілікті тұрғын шағым түсірді. Сұлулық салонында жұмыс істейтін жас әйелдің айтуынша, өзіне жақын таныс емес, яғни оған келіп жүретін клиент «мемлекет тарапынан қайтарымсыз 1 миллион 200 мың теңге көлемінде несие алуға көмектесемін» деп ұсыныс білдірген. Оған сенген тұрғын 2022 жылдың қыркүйек айында 300 мың теңге беріп, соңында не ақшасын, не оны алған адамды  таппай қалған.                  
               Ақпарат бойынша полиция қызметкерлері алаяқтың жеке басын анықтау мақсатында, қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Куәлардан сұрастырып, бейнебақылау камералары арқылы  сезіктінің тұрғылықты мекенжайын анықтауға жұмыс жасады. Нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеуге алынды.                                 
        Қазіргі таңда  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер алдағы уақытта жәбірленушілердің саны артуы мүмкін екенін алға тартады. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...

Цена одной процессуальной ошибки

В 2021 ГОДУ КАЗАХСТАН СДЕЛАЛ ОДИН ИЗ САМЫХ СЕРЬЕЗНЫХ...