Сауранда 94 пайыз сотталған жұмыспен қамтылды

Қайта қылмыстың алдын алу мақсатында пробация есебінде тұрған сотталған тұлғаларды жұмысқа орналастыру жүйесі жүйелі түрде атқарылып келеді.

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Сауран аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға тартылған азаматтарға арналған «Бос жұмыс орны» жәрмеңкесі өткізілді. Аталған шара Сауран аудандық Жастар орталыгы мен аудандык пробация кызмети бөлiмiнiң ұйымдастыруымен пробация есебіндегі жастарга мемлекеттiк бағдарламаларды түсиніру және насихаттау максатында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Жұмыссыз жүрген адамдар мен жалақысы төмен жұмысты жасап келген азаматтар да қатысып, өздерінің жанына жақын жұмысқа өтініш қалдырып, Жұмыспен қамту орталығы арқылы жолдама алады.

Кездесуге Сауран аудандық кәсіпкерлер палатасының, аудандык Жұмыспен камту орталығының, мамандары шақыртылып жастарға бизнес бастау жане мемлекеттен берілетін 2,5 пайыздық несиелерді алу жолдары түсіндіріліп бағыт-бағдарлар берілді.

Бүгінгі Сауран аудандық «Бос жұмыс орны» жәрмеңкесіне пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарда қатысып, өздерінің өтінішін бере алады. Әрине, егер ол адам жұмыс берушінің талабына сай болса, құжаттарын сол жерде тапсырып кетуіне болады. Мұндай шараларды ұйымдастырудағы басты мақсатымыздың бірі, өмірде қателік жасап, шалыс басқан жандарды қоғамға бейімдеу болып табылады. Сонымен қатар, жұмыссыз үйде бос жатпай, отбасын асырауға да мүмкіндігі бар. Қылмысқа бой алдырған адамдардың басым бөлігі, жұмыссыздықтың салдарынан барады. Жұмыссыз үйде отырған адам ақша табу үшін ұрлыққа, тонауға баратыны айдан анық. Осындай қылмыстарды болдырмау үшін сотталған азаматтарды жұмысқа орналастырып, оларды өзіміз бақылап отырамыз, — деді Сауран аудандық пробация қызметінің бастығы әділет аға лейтенанты Қайсарбек Қазыбекұлы.

Сонымен қатар, аталған шарада пробация есебіндегі жастарга мемлекеттiк багдарламалар кеңінен түсіндірілді. Сотталған жастар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын сала мамандарына қойып тұщымды жауап алды.

Сауран аудандық пробация қызметі есебінде тұрған 42 сотталған аталған шараға қатысты. Бұл бастама барысында қоғамдық жұмыс және жеке шаруа қожалықтарына 1 сотталған азаматша ақылы қоғамдық жұмысқа жолдама алды. Ал 10 сотталған биылғы жылы бөлінген квота бойынша шару қожалықтары мен жиһаз шығару цехтарына жұмысқа орналастырылды.
Аудандық пробация қызметі бастығының сөзіне қарағанда пробация 47–і есебінде тұратын сотталғанның жұмысқа орналасқан. Осы жылы жұмысқа орналасқандардың саны 94 пайызды құрап отыр. Жылдың соңына дейін пробация есебінде тұрған сотталғандарды толығымен жұмысқа орналастыру жоспарланған.

Развитие предпринимательства

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...