Тордың ар жағындағы сенім

Қылмыстық-атқару жүйесінің негізгі мақсаттарының бірі сотталғандарды түзету және қылмыстардың қайталануының алдын алу болып табылады. Аталған мақсатқа қол жеткізу сотталғандарды қайта тәрбиелеу, әлеуметтендіру, әдеп нормалары мен мінез-құлық ережелерін сіңіру, заңның қатаң сақталу қажеттілігін дүниетанымда бекіту, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу жөніндегі міндеттерді шешу нәтижесінде мүмкін болады. Жоғарыда аталған қайта тәрбиелеу әдістерін ескере отырып, сотталғандарға діни ықпал етудің аса маңызды рөлін атап өткен жөн.

Осыған орай, діни бірлестіктердің келу кестесіне сәйкес №51 мекемеге «Орыс Православие шіркеуінің» өкілі йерей Евгений Николаевич Кравцов келді.

Кездесу барысында ресми діни қызметкерлердің өкілі сотталғандармен танысу сипатындағы әңгіме, сондай-ақ жиырма бір сотталған қатысқан «шоқыну» рәсімін өткізді. Рәсімнің алдында рухани әңгіме болды, оның барысында діни қызметкер шоқыну рәсімінен өту – бұл адамның рухани жаңаруы мен күнәлардан тазаруын білдіретін жаңа өмір жолының басталуы, сондай-ақ шынайы сенім, өкіну және Құдайдың өсиеттерін орындауды талап ететін үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.

Өз кезегінде, сотталғандар діни қызметкерге кездесу барысында діни сипаттағы сұрақтарға жауап алғаны үшін алғыс білдірді.

СТжӘПЖБ ТОЖТ аға инспектор-теологы

әділет аға лейтенанты

 М. Әбдіхан

Развитие предпринимательства

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...