СҚО-да «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

М. Жұмабаев атындағы ауданның пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері 2023 жылғы 13 наурыз бен 18 наурыз аралығында «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Профилактикалық іс-шара шеңберінде сотталғандардың тұрғылықты жері, оқу мен жұмыс орындары бойынша тексерулерді жүзеге асыру, сотталғандардың үкім шығару кезінде оларға сот жүктеген міндеттерді орындауы, сотталғандармен қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазалауға байланысты тәрбие сипатындағы профилактикалық әңгімелесулерді өткізу, жазасын өтеу кезеңінде әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстар жасауға жол бермеу мақсатында ауданның ПБ ЖПҚ 16 учаскелік полиция инспекторы және  пробация қызметі бөлімінің 5 қызметкері жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта пробация қызметі бөлімінің есебінде қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазалау шараларына сотталған 49 адам тұр. Олардың ішінде:

— бас бостандығынан шектеуге – 37;

— шартты түрде сотталғандар-7;

— белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға-5.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар, жазаны өтеу шарттары мен тәртібін бұзушылықтар анықталған кезде қысқа мерзімде пробациялық бақылауды ұзарту немесе жазаны бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы мәселе шешілетін болады.

Пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарды: саябақтарды, алаңдарды, кафелерді тексеретін болады.

СҚО бойынша ҚАЖД

М.Жұмабаев ат. аудандық ПҚБ инспекторы

әділет лейтенанты

А.А.Абильхасимов

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...