Ақтөбедегі түзеу мекемесінде сотталғандар арасында спорттық шаралар өтуде

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №8 түзеу мекемесі More Life қоғамдық қорымен бірлесіп, сотталғандар арасында спорттық іс-шара яғни, киберспорттан Sony PlayStation ФИФА 2023 өткізді.

Аталған спорттық іс-шараның мақсаты — сотталғандарды салауатты өмір салтына шақыра отырып, қолдау көрсету.

Сайысқа әр жасақтан қызығушылығы бар сотталғандар қатыстырылды және сайыста белсенділік танытқан сотталғандар мадақтау қағазымен марапатталып, үздік ойыншыларға бағалы сыйлықтар ұсынылды.

Іс-шара соңында More Life қоғамдық қорының директоры Б.Жулина сайысқа қатысушыларды құттықтап, тілегін жеткізді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...