Қыстың келуімен ең өзекті мәселелердің бірі қардың түсуі болып табылады. Осыған байланысты қыс мезгілінде қоғамдық жұмыстарға сотталған адамдар қар тазалауға тартылады. Новоишимское ауылының көшелерінде қарлы борандардың салдарын жою бойынша жұмыстар қарқынды түрде жүріп жатыр.
Жұмыс уақыты күніне төрт сағаттан аспайды. Қоғамдық жұмыстарды орындау кезінде сотталған адам негізгі жұмыстан босатылады. Ғ. Мүсірепов атындағы аудандық пробация қызметі және әкімдік мамандары жазаның осы түріне сотталғандарды тұрақты негізде бақылауды жүзеге асырады.
Жазаның негізгі мақсаты-заңды бұзған адамдарды тәрбиелеу және оңалту, болашақта жаңа қылмыстардың жасалуын алдын алу. Жазаны орындаудан жалтарған жағдайда, қоғамдық жұмыстар қамауға алынумен ауыстырылуы мүмкін.
СҚО бойынша ҚАЖД
Ғ. Мүсірепов ат. аудандық
ПҚБ бастығы
әділет майоры С.Қ. Жетпісова


