12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әдеп жөніндегі кеңестердің жұмысы заң бұзушылықтың алдын алуға бағытталған

Әдеп жөніндегі кеңестер институты мемлекеттік басқару жүйесіне 2005 жылдан енгізілген болатын. Бастапқыда тәртіптік кеңес болып аталған бұл алқалық орган уақыт өте келе мемлекеттік қызметтегі жасалған сәтті реформалардың нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңес болып атауы өзгертілді.

Атауы өзгертілгенімен жұмысының мән-мазмұны, маңыздылығы мен өзектілігі ешбір өзгерген емес. Бүгінгі күні Алматы қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңестің құрамына мемлекеттік органның басшылары, саяси партия мен қоғамдық ұйым өкілдері және танымал қоғамдық пікір көшбасшылары шоғырланған.

Кеңес өзінің отырысында мемлекеттік қызметті өткерумен байланысты туындайтын әртүрлі саладағы өзекті мәселелерді қарап, оны шешу мен алдын алуға бағытталған ұсыныстар әзірлейді.

Мәселен, мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, мемлекеттік қызметшілердің тәртібі мен заң бұзушылықтың алдын алу, Әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысын жетілдіру сынды мәселелер Кеңес жұмысының өзегі болып табылады.

Кеңестің жұмысы негізінен заң бұзушылықтың профилактикасына бағытталғандықтан 2022 жылы бұл бағытта қаралған сұрақтардың саны 50 құрап, мемлекеттік органдарға жұмысты жетілдіру мен заң бұзушылықтың алдын алуға бағытталған 618 ұсынымдар енгізілді.

2021 жылы бұл көрсеткіштер сәйкесінше 34 профилактикалық сұраққа және енгізілген ұсынымдар саны 216 тең болған.           

Кеңес жұмысының маңызды бағыттарының бірі бұл анықталған санаттағы мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істерді қарау болып табылады.

Бүгінгі күні кешенді жүргізілген алдын алу жұмыстарының нәтижесінде лауазымды тұлғаларға қатысты қозғалған тәртіптік істердің саны мен тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар санының азайғаны байқалады.

Мысалы, 2022 жылы Кеңесте 11 тәртіптік іс қаралып, нәтижесінде 6 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылса, 2021 жылы 13 іс қаралып, 11 лауазым иесі жазаға тартылған.

Биылғы жылы да Кеңестің жұмысына ерекшеліктер енгізіліп отыр. Ол дегеніміз Кеңес отырыстарын көшпелі форматта, яғни қаланың аудандарына барып, жергілікті әкімдіктерінің базасында ұйымдастыру тәжірибеге енгізіліп отыр.

Биылғы жылы сондай көшпелі отырыстардың бірі Наурызбай ауданында өткізілді. Кеңестің отырысында аталған аудан әкімінің сыбайлас жемқорлық пен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуде атқарып жатқан жұмыстары тыңдалды.

Сонымен қатар, Кеңес мүшелері аудандағы мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты пікірлер алмасты. Сондай-ақ, азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдап, заңнама аясында тиісті кеңестер берілді.

Алдағы уақытта Кеңес мүшелерімен бұл бағытта жүйелі жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының

бас маманы

Р.Қ. Тұрсынова

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...