Жаза түрі ретінде қоғамдық жұмыстардың мәні негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындау болып табылады, олардың форматын атқарушы билік органдары анықтайды. Мұндай жұмыстарға, әдетте, тұрмыстық қалдықтарды жинау, аумақтарды қардан, қоқыстардан, мұздан тазарту, ағаштарды кесу, әктеу және т.б. жатады. Жазаның бұл түрі қылмыстық теріс қылықтар үшін белгіленеді және арнайы білімді қажет етпейді. Қоғамдық жұмыстар жүкті әйелдерге, 3 жасқа дейінгі жас балалары бар әйелдерге, жас балаларды жалғыз тәрбиелеп жатқан ер адамдарға, 63 және одан жоғары жастағы ер адамдарға, 1 және 2 топтағы мүгедектерге тағайындалмайды.
Осылайша СҚО бойынша ҚАЖД Шал ақын ауданының пробация қызметінің қызметкерлері қоғамдық жұмыстарды орындау орны бойынша сотталғандарды тексерді. Профилактикалық жұмыстар барысында сотталғандарға жазаны өтеу шарттары мен тәртібі түсіндірілді. Тексеру қорытындысы бойынша сотталғандардың өзінің жаза түрін адал орындайтыны анықталды.
СҚО бойынша ҚАЖД Шал ақын ауданының ПҚБ
аға испекторы
әділет капитаны
А. Каиржанов


