Үй жақтан жылы лебіз

Қылмыстық-атқару заңнамасының негізгі міндеттерін орындау, сондай-ақ сотталғандарға әлеуметтік-пайдалы байланыстарды қолдауға көмек көрсету мақсатында «№48 мекеме» РММ-де күн сайын таксофон аппараттары жұмыс істейді, олар арқылы сотталғандардың туыстарымен және жақындарымен сөйлесуге құқығы бар. Бүгінгі таңда мекемеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен 700-ден астам сотталған жазасын өтуде. Көптеген сотталғандардың туыстарының ұзақ және қысқа кездесулерге бару мүмкіндігі жоқ, сондықтан жақындарымен байланыста болудың жалғыз жолы — телефон арқылы сөйлесу.

«Менің ойымша, бұл туыстарымның дауысын қайта естуге тамаша мүмкіндік. Әдетте, сөйлесуден кейін жүрегімде жылулық пайда болады, ал жаман ойлар басымнан кетеді. Мен тезірек үйге оралып, бәрін басынан, яғни  «жаңа беттен» бастағым келеді», — дейді сотталғандардың бірі. 

Сотталғандар арнайы жасалған кесте бойынша қоңырау шалады. Мекеменің таксофон аппараттары күн сайын таңғы сағат 9.00-ден кешкі 21.00-ге дейін жұмыс істейді. Қоңырауларды жедел бөлімнің қызметкерлері, сондай-ақ мекеменің хаттарды жеткізу және тексеру жөніндегі инспекторы Әнуарбек Тажиев бақылайды. Бұрын ол мекеменің жедел бөлімінің жедел уәкілі қызметін атқарды, ал лайықты демалысқа шыққаннан кейін  жалдамалы қызметкер ретінде жұмысын жалғастырды.

ЖБ аға жедел уәкілі

әділет капитаны 

Мурзалин А.Р.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...