Қарт ардагерге құрмет көрсетілді

1 Наурыз алғыс айту күніне орай, № 68 республикалық меміслекеттік мекемесі тарапынан қарт ардагерге құрмет көрсетілді. Кадр саясат тобының ұйымдастыруымен мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары, әділет полковнигі Зиябеков Жәнібек Мелдебекұлы және кадр бөлімі қызметкерлері ішкі істер саласында 27 жыл еңбек еткен қарт ардагерге алғысын білдіріп, үйіне барып қайтты.

Кезінде өзі басқарған мекеме қызметкерлерінің алғыс айту күнінде елеп, ескеріп келгеніне қуанған қарт полковник те, погондағы жас қызметкерлерге қызықты әңгімелерін айтып, ризашылығын білдірді.

Жүрекке де жүйкеге де салатын салмағы көп жұмыста уақытпен санаспай жұмыс жасау, сабырлылық пен парасаттылықты талап етеді. Сондықтан сіздерге табандылық пен зор қайрат, жігер тілеймін. Сіздерге менің жолымды берсін – деп ақ батасын берді.

Серікбай Жамуров 1971 ж Сырдария аудандық арнайы комендатураның миллиционері болып еңбек жолын бастаған. Кейін облыстық ішкі істер басқармасында, облыстық ішкі істер департаментінде, облыстық Полиция департаментінде түрлі қызметте болған.

Ішкі істтер қызметінің барлық саласынан өтіп, тәуелсіздігімізді орнықтыру жолында аянбай еңбек етіп, осы мекеменің яғни, бұрынғы ЗК-169/1 тергеу изоляторы мекемесінің бастығы болып жұмыс жасап, зейнетке шыққан.

Әйтседе, отставкадағы полковник бұл саладан кеткен емес.

Бүгінде, Қылмыстық-атқару жүйесінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде, ҚАЖ саласының үздік білікті маманы ретінде өз тәжірибесін ізін жалғап келе жатқан, жас ұрпақпен бөлісіп, ағалық ақыл кеңесін айтып отырады.

Қызметте де, өмірінде де, жеке бас тұлғасымен үлгі тұтуға лайық тұлға болғандықтан, бүгінгі алғыс айту күнінде өз тарапымыздан құттықтап келдік.

Атқарған ерен еңбегі үшін алғысымызды білдіріп,сый-сияпатымызды беріп, құрмет таныттық — деді, мекеменің кәсіби қызметтік және денешынықтыру даярлығы  жөніндегі инспекторы, әділет капитаны, М.Тұрымбетов.

«Қажет болсаң ісін тастап келу құрметтеудің белгісі» деген қанатты сөзді өмірлік қағида тұтқан ҚАЖ қызметкерлерінің қарт ардагерге көрсеткен құрметі өзгелерге үлгі болар деп ойлаймыз.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...