Ақтөбе облысында Хромтау аудандық пробация есебіндегі сотталғандар жалғызбасты қарт анаға жәрдем беріп, алғыс арқалады

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Хромтау аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар «1 наурыз — Алғыс айту күніне» орай, осы аудандағы қарттарға және дәстүрге деген құрметті күшейту, патриоттық тәрбиені нығайту мақсатында Хромтау аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Қол ұшын соз» акциясына қатысып, акция барысында жалғызбасты қарт ананың ауласын, үйінің есік алдын қардан тазалап, алғыс арқалады.

Осы орайда Хромтау аудандық пробация қызметі аяғын шалыс басып, істі болған сотталғандардың түзелу жолына түсуіне, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысуына мүмкіндік сыйлап жүрген осы аудандағы Жастар ресурстық орталығына және «Қаһарман» қоғамдық бірлестігіне өз алғыстарын білдіреді.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...