Қазақстан Республикасының ҚАК 174- бабының 3- тармағымен «Бас бостандығынан шектеу түрде жазасына сотталған адамдарға пробациялық бақылауды жүзеге асыру және оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібі», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы №1131 қаулысымен бекітілген- Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын іске асыруын негізге ала отырып, Астана қаласы Алматы ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған М. тұрмыстық жағдайы төмендегеннің салдарынан, бүкіл жақындары аталған азаматтан бас тартқан болатын. Сотталғанды түзу жолға түсіру мақсатында әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді, яғни сотталғанның өмірге деген көзқарасын өзгерту үшін, Астана қаласы Әкімдігінің «Демеу әлеуметке қосу орталығына» жатқызылып, жақын туыстарын іздеп тауып, сотталған өзінің қайта түзу жолға түскенін көрсетіп, өзінің жақындарымен туыстық қарым-қатынастарын қайта жалғады.
Сотталған М… өмірінде өткен жағдайларды артқа тастап, алдағы уақытта тек дұрыс жолға түсіп салауатты өмір сүруге ынталы. Сотталған М… және оның туыстары Астана қаласы Әкімдігінің «Демеу әлеуметке қосу орталығымен» Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің Алматы ауданының пробация қызметінің қызметкеріне алғысын білдірді.


