Республикалық ақпараттық-насихаттау топ мүшесі бас бостандығынан айырылғандармен кездесті

Ағымдағы жылдың 24 ақпанында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті мен ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы, облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласының бас имамы, РАНТ мүшесі, Сыр елінің тумасы Күзенбаев Нұрлыбек Шәкизадаұлы №60 мекемеде болып экстремизм және терроризм баптары бойынша сотталған азаматтармен кездесу өткізді. Кездесу барысында барлығы 25 сотталған қамтылды.

Н.Күзенбаев «Алланы еске алып сабыр ету және тәубеге келу» тақырыбында насихат жүргізді. Ол өз сөзінде: «Алла әр адамды әртүрлі сынақпен сынайды. Сондай-ақ әр адамға өзі көтере алатын сынақ беріледі. Бәлкім, Алла сіздерді осы жермен сынап жатқан болуы мүмкін. Сіздер оған сабырлылық танытып, осы мекеменің ішкі күн тәртіп ережелеріне бағынатын болсаңыздар, Алла сіздерге сол арқылы күнәларыңызды осы дүниеде кешіріп қойуы мүмкін. Байқап қарасам мекеме қызметкерлері сіздерге жақсы қарым-қатынаста. Түрлі мәдени-спорттық ісшаралар мен қатар діни дәрістер де жақсы жолға қойылғандығы байқалады. Мен Ақтөбе қаласындағы және өзге де облыстардағы жаза өтеу мекемелерінде болып жүрмін. Алайда, мына сіздерге жасалынған жағдайлар мен діни және идеологиялық дәрістердің жүргізілу барысы мені қатты қызықтырды. Ақтөбе қаласына барған соң осы мекемеден алған тәжірибелеріммен бөлісетін боламын», — деді.

Кездесу соңында Қ. есімді азамат:   «Мен осы қалада жазамды өтеп жатырмын. Енді менің әйел, бала-шағам осы жерге мен үшін көшіп келсе, шариғат бойынша осы қаланың тұрғыны болып саналамын ба? және діни жораларды да тұрғылықты азамат ретінде орындай аламын ба?» – деген сұрақ қойды. «Әрине, егер де отбасыңызы осы қалада 14 күннен астам болуды ниет еткен болса, Ханафи мазхабы бойынша жолаушы үкімінен тұрғылықты адам үкіміне өтеді және барлық діни жораларды осы үкім бойынша жасайды», — деп жауап берді.   

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...