Колонияға тыйым салынған заттарды өткізу әрекетінің жолы кесілді

Алматы облысының №57 мекеме қызметкерлерімен тыйым салынған заттардың колонияға кіру әрекетінің алдын алды.

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №57 мекемеде жазасын өтеп жүрген тонаушыға тыйым салынған заттары бар сәлемдеме жолданды.

Мекеме қызметкерлерімен сәлемдемені тексеру барысында салынған өткір иісті, жасыл түсті, алдын ала болжау бойынша насвай және полиэтилен пакетіне салынған белгісіз ақ түсті дәрілер табылып, тәркіленді.

Сәлемдеме жіберген Іле ауданының тұрғыны, әйел адам анықталды.

«Аталған деректер бойынша Қонаев қаласының полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазіргі таңда, тәркіленген заттарды анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды»,- деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...