Ақтөбеде облысының Әйтеке би ауданында пробация есебіндегі сотталғандар тұрғылықты мекен- жайлары бойынша тексерілуде

20-25 қаңтар аралығында облыс аумағында жүргізіліп жатқан «Есепте тұрған» жедел-профилактикалық іс- шарасы барысында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты Әйтеке би аудандық пробация қызметінің жеке құрамы жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, пробация есебінде тұрған сотталғандарды тұрғылықты мекен-жайлары, жұмыс-орындары бойынша тексерулер жүргізуде.

Жедел-профилактикалық іс- шарасы кезінде қызметкерлер пробация есебіндегі барлық сотталғандармен тығыз қарым-қатынаста болып, олардың тұрғылықты жерлерін тексерумен қатар қоғамға бейімдеу, салауатты өмір-салтын ұстануға бағытталған қоғамдық іс-шараларға тарту бойынша жұмыстарды атқаруда.

Сонымен қатар, жаза өтеу тәртібі мен шарттарын орындауда анықталған тәртіп бұзушылықтар болған жағдайда дереу алдын алу жұмыстары жүргізіліп, сотталғанмен қайта жаза тәртібін бұзбау жөніндегі профилактикалық әңгімелесулер жасалып, жаза түрі бас бостандығынан айырумен ауыстырылатындығы жөнінде жазбаша ескертулер берілді.

«»Есепте тұрған» жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты — есепте тұрған сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстың қайталануының алдын алу және олардың қоғамға оң көзқарасын қалыптастыра отырып, мейрімділік сезімдерін оятуға бағытталған іс- шараларға тарту болып табылады»,- дейді Әйтеке би аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Ізбасар Сәт.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...