Қапастағы өмірдің тынысымен танысты

Қызылордадағы тергеу изоляторына «Ы.Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу интитуты» ЖШС қызметкерлері келді. Басты мақсат: сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактика жүргізу. Келушілерді қарсы алған мекеме қызметкерлері әдеттегідей, алдымен тергеу изоляторының өзіндік ерекшелігі мен қамаудағылардың режимдік күн тәртібі жайлы түсіндірді. Содан соң, адвокаттар мен айыпталушылардың бөлмесін, сөйлесу , кездесу бөлмелерін апарып көрсетті.

Арнайы аймақта орналасқан шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандардың жатаханасына барып, қылмыс жасап істі болғандарға жасалынған жағдаймен танысты. Мұнда сотталғандардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қажетті жағдай жасалынғанмен, барлық жерде камера, темір терезе, темір есік, тікенді сымдар мен биік қоршауды көрдік.

Бұл көріністер, адамның санасына салмақ түсіреді екен. Көңілге ауыр тиетін жағдайды сезіндік. Пара беріп,пара алып мұнда түскендердің жағдайынан , жалақыға жарымасада , бостандықта жүргенгедердің күні артық деген ой түйдік. Барша азаматтарды ардан аттап, заң бұзбауға шақырамын- деді, келушілердің бірі.

Ия, атам қазақ, «Тоқтауын білмес жемқордан, Оттауын білер мал артық» деп, қанағатсыздық пен тойымсыздықтан сақтандырған.

Бірақ, әттең, сыбайлас жемқорлық баптары бойынша жазаға тартылып, қылмыскер атанғандар қапасқа қамалғанда ғана барып өкініп жатады.

Ал,бүгінгі тергеу изоляторына келген ғылыми қызметкерлер мұндағы жағдайды көзімен көріп, жүрегімен сезініп, өзгенің қателігінен сабақ алып,өз болашағына балта шаппауды санасына берік түйіп қайтты.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...