Соталғандарға тың серпін берген тренинг

Қылмыстық атқару саласына қарасты Қызылорда қаласындағы 68 мемлекеттік мекемесінің аға психологы Мырзалы Айзат Мұхамедияр қызының ұйымдастыруымен шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар арасында «Мен басқаның көзімен кіммін » деген тақырыпта тренинг өтті.

Тренингке ҚАЖ департаментіне қарасты 37 мекемесінің тәжірибиелі психологы А.Аманова мен 60 мекеме психологы Ш.Кульбаева қатысып, жазасын өтеуші азаматтарға психологиялық жаттығулар жүргізіп, сауалдарына жауап берді.

Аталған шараның негізгі мақсаты: жазасын өтеушіні өмір сүруге талпындыру, бақытты болу үшін өзін- өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелеу болып табылады.

Тренинг барысында алдымен ойын ұйымдастырылды. Ойын шарты бойынша қағазға зат есім атауы жазылды. Жүргізуші сол қағазда жазылған атауды ойыншының біреуіне көрсетеді.

Жазылған сөзді көрген адам, өзге ойыншыларға сол сөзді ым- ишарамен (мимикамен) түсіндірді.

Бұл ойында қатысушы сотталғандар бір -бірінен ой, қиял жүйріктігі, ойлап тапқыштығы жағынан ерекшеленіп көзге түсті. Қамаудағылар іс- шараға қызыға қатысып, белсенділік танытты.

Одан соң, «Мен басқаның көзімен кіммін» тренингін өткізді. Тренинг кезінде ортаға бір қатысушы шықты. Қалғандары сол қатысушы туралы пікірін айтты. Яғни , ортада тұрған адам өзгелердің сипаттауы бойынша өз бойындағы жағымды қасиеттерін біліп, мерейі өседі. Бұл олардың бойында » мен»консепциясын оятып, өз- өзін бағалауға жетелейді.

Өздері туралы өзгелерден жақсы сөз естіген сотталғандар көңілденіп, алдағы өмірлеріне позитивті көзқараспен қарап, бостандыққа деген сенімділіктері артты — деді, әділет капитаны Айзат Мұхамедиярқызы.

Жазасын өтеуші азаматтар тренинг соңында, бүгінгі күннен алған әсерлерімен бөлісіп, бір-бірлеріне деген жылы лебіздерін білдірді.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...