Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында жаза өтеу шарттарын бұзған есептегі сотталған бас бостандығынан айырылды

Алаяқтық бабы бойынша 4 жылға сотталған М., 2022 жылдың сәуір айында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ырғыз аудандық пробация қызметіне есепке алынды.

Есепке алынған күннен бастап, пробация қызметкерлері сотталған М.- ға бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаның өтеу шарттары және бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібін түсіндіреді. Сонымен қатар, сот жүктеген міндеттер мен бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібінің шарттарын қаскөйлікпен бұзу- сот тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген мерзімін дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылатыны жөнінде ескертіп, сотталған азаматтан жазбаша қолхаттар мен түсініктемелер алынады.

Алайда сотталған М. жаза өтеу барысында бірнеше рет сот жүктеген міндеттерді орындаудан бас тартады және пробация қызметінің бақылауында бола тұра тұрғылықты мекен жайында қалдырып кетіп, бірнеше мәрте ескерту алады.

Ырғыз аудандық пробация қызметі аталғанға байланысты сотталған М.-ға қатысты бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы тиісті ұсынысты Ырғыз аудандық сотына жолдайды. Аудандық сотпен ұсыныс қанағаттандырылып, сотталған М.- ның бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген қалған бөлігі, яғни 2 жыл 11 ай 13 күні бас бостандығын айыру жазасына ауыстырылды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...