ШҚО да №73 мекемесінің қызметкері спорттық жарыста бірінші орынды иеленді

Шығыс Қазақстан облысында қол күресінен өткен облыстық чемпионатқа қатысқан #73 мекемесінің жас қызметкері Напаганов Мирас облыс чемпионы атанды.

Қол күресінен Шығыс Қазақстан облысының чемпионатына көптеген спортшылар қатысқан болатын. Облыстың 20 дан астам елді мекенінен жиналған қол күрес шеберлері арасынан суырылып шыққан қылмыстық атқару жүйесі Департаментінің # 73 мекемесінің жас мамандарының бірі ақтық додада чемпион атанып, мекеме абыройын асқақтатты.

Жыл сайын ұйымдастырылып отыратын жарыста облыстық қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері де қатысуға ниет білдіріп отырады, деді мекеменің тәртіп және күзет бөлімінің бастығы әділет майоры Серик Бекбулданов.

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...