Халықпен кездесу

Солтүстік Қазақстан облысының Горный ауылында халық Есіл ауданының әкімі Медет Оспановпен және СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің басшылығымен кездесті. Сондай-ақ, шараға Заградовка ауылдық округінің әкімі, Есіл ауданы ПБ бастығы, ККО мүшесі және «Июнь 17» ЖШС директоры қатысты.

Кездесу барысында ауыл тұрғындарымен бірқатар проблемалық мәселелер талқыланып, Департамент басшылығы алдағы жылға жоспарланған іс-шаралар туралы ақпаратты жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 2023 жыл СҚО бойынша ҚАЖД ардагерлер жылы болып жарияланған болатын. Сонымен қатар, кездесуде бұрын «ЕС-164/4 мекемесінде» қызмет атқарған жүйе ардагерлерінің сұрақтары мен ұсыныстары қаралды.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары өздерін қызықтырған мәселелерді жеке-жеке қойып, толық жауаптар алды. Өз кезегінде басшылық азаматтарға белсенді кері байланыс үшін алғысын білдірді.

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...