Түркістан облысының полицейлері 1 күнде екі ер адамнан марихуана тәркіледі

Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында, есірткі заттарын заңсыз сақтап, өзімен алып жүрген екі тұрғынды анықтады.

Нақтырақ айтсақ, тәртіп сақшылары Төлеби ауданындағы көшелердің бірінен есірткі сақтады деген күдікпен жергілікті тұрғынды тоқтатты. Тінту кезінде одан ішінде өсімдік тектес есірткіге ұқсас заты бар орама табылды. Сараптама қорытындысы оның 15 грамға жуық марихуана екенін растады.

Сонымен қатар төлебилік полицейлер дәл сол күні тағы бір тұрғыннан есірткі тапты. Күнделікті қызмет атқару кезінде көшеде тоқтатылған аудан тұрғынынан марихуанаға ұқсас заты бар қағаз орамасы алынды. Сараптамаға сәйкес ол жалпы салмағы шамамен 8 грамға жуық марихуана болып шықты.

Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...