Ақтөбе қаласында пробация қызметі есептегі сотталғандармен діни жат ағым бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметі Ақтөбе қаласының Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының теолог мамандары: Мәди Орынбай, Сансызбай Ұзақбай және пробация қызметінің инспектор-психологы Шырын Медетованың қатысуымен, есепте тұрған азаматтармен діни жат ағымдар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде орталық маманы дәстүрлі емес діни ағымдар және олардың зардабы жайында сөз қозғап, теріс діни ағым өкілдерінің мінезі, сипаты мен белгілері туралы айтып берді.

Сонымен қатар, іс- шара барысында есепте тұрған сотталғандар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, бүктеме қағаздары таратылды.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...