Түркиядағы жер сілкінісінен 76 адам қаза болды

Түркияның Табиғи апаттарды басқару басқармасы жер сілкінісінен 76 адам қаза тапқанын хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Жергілікті уақыт бойынша сағат 06:30-дағы ақпарат бойынша, Кахраманмараш, Газиантеп, Шанлыурфе, Диярбакыр, Адана, Адияман, Малатия, Османие, Хатай және Килис қалаларында 76 азамат қаза тауып, 440 азамат жарақат алды», — деп хабарлады ведомство.

Табиғи апаттарды басқару басқармасының барлық бөлімшелері, соның ішінде іздеу-құтқару жұмыстары да аймаққа жіберілген.

АҚШ Геологиялық қызметі 7,8 балдық жер сілкінісінің 6 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де Газиантеп маңында 17,9 шақырым тереңдікте болғанын хабарлады. Түрік сейсмологтары жер сілкінісінің күшін 7,4 балл деп бағалады.

Жерасты дүмпулері ел астанасы Анкара мен Түркияның басқа қалаларында, сондай-ақ, Сирия мен Ливан сияқты елдің бірнеше аймағында сезілді.

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...