Ақтөбе облысының Қобда ауданында пробация есебіндегі сотталған грант жабдығына ие болды

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Қобда аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған “Самрұқ — Қазына” АҚ-ның қаржылық қолдауымен жүзеге асырылған “Табысты — отбасы” пилоттық жобасының қатысушысы атанып, грант жабдығына ие болды.

Қобда аудандық пробация қызметкерлерінің қолдауымен арнайы шақыртылған ментордан білім алып, көлікке компьтерлік диагностика жасайтын құралға ие болған сотталған болашақта көлік жөндейтін бекет ашуды жоспарлауда.

«Есепте тұрған азаматтың өз кәсібін ашқысы келетін ойын білгесін, оны аудандағы жұмыспен қамту бөліміне жолдадық. Жұмыспен қамту бөлімі одан әрі “Самрұқ — Қазына” АҚ –ға жолдап, аталған компанияның өкілінен автоэлектрик мамандығына білім алған сотталған қазіргі таңда ұтып алған грант жабдығы, яғни компьтерлік диагностика жасайтын құрал арқылы көліктердің жағдайын тексеріп, акаулары болса анықтап, табыс тауып жүр»,- дейді Қобда аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Айгерім Жаңбырбаева.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...