Қасиетті жұмада сотталғанға көмек көрсетілді

Қызылода облысы Жалағаш аудандық пробация қызметі аудандық Жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп қайырымдылық жасады.

Ауқымды іс-шара аясында қайырымдылыққа мұқтаж тұрмыс жағдайы төмен 40 отбасыға азық- түлік таратылды.

Соның ішінде мал ұрлығы бойынша есепте тұратын Н.есімді күн көріс деңгейі төмен азаматтың отбасы жағдайын қолдау мақсатында, азық-түлік ретінде көмек берілді.

Жасалынған жақсылық үшін азамат,пробация қызметкерлеріне алғыс айтты.

Бүгінгі көрсетілген көмектеріңізге рахмет. Қиын жағдайда қолдау көрсетіп, мейірімділік танытқандарыңызға алғыс айтамын- деді, азық-түлік себетін алған азамат.

Қазіргі таңда Жалағаш аудандық пробациясында 35 сотталған есепте тұрады.

Олардың ішіндегі тұрмысы төмен отбасыларға жұмыспен қамту орталығының қолдауымен апта сайын осындай көмектер көрсетіліп тұрады.

Өйткені , есептегі азаматтардың қайта қылмыс жасауына отбасындағы материялдық жағдайының төмен болуы тікелей әсер етеді.

Сондықтан біздің қызмет тарапымыздан есептегілердің күн көріс қамы зерделеніп , әрдайым жіті қадағалауда болады- дейді , аға инспектор,әділет майоры А.Сақыбеков

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...