«Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2014 жылғы 18 тамыздағы №516 бұйрығын бойынша, сотталғандар негізгі орта,бастауыш, жалпы орта білім, техникалық және кәсіби білім алуға құқылы.
Оның ішінде 30 жасқа дейінгі сотталған азаматтар орта білім алуға міндетті деп көрсетілген.
Осы негізге сүйене отырып, Қылмыстық атқару саласының Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемесінде орта білімі жоқ сотталған азаматтарға білім берілуде
Ересек оқушыларға кестеге сәйкес, кешкі мектеп мұғалімдері сабақ береді.
Бүгін осы азаматтарға биология пәнінің мұғалімі Өтепбергенқызы Құралай « Қартаю. Қартаю үдерісі туралы теориялар»тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында жаңаша әдіс-тәсілдер қолданылды.
Кіріспе бөлімінде «Ой қозғау» стратегиясы бойынша сотталған өз көзқарастарын айтып, дәлелдеді.
Үй тапсырмасын бекіту үшін тапсырмалар ретінде сұрақтары бар карточкалар таратылды.
Ал, жаңа сабақты түсіндіру барысында «Постер әдісі» арқылы берілген тапсырмаларды еш қиындықсыз орындап шықты.
Сабақ жоғарғы деңгейде өтті.
Жазасын өтеушілердің білімдерін жинақтау мен қортындылау мақсатында, «Топтастыру» әдісі бойынша ортақ пікірге келіп, жаңа тақырып пысықталынды.
Сабақ соңында тренинг өткізілді. Тренингте оқытушы өзінің білімгерлерімен салауатты өмір салтын сақтау, ерте қартаюдың алдын алу, сапалы және саналы өмір сүру жайында пікір алмасты.
Сабақ қызықты өткендіктен қатысушылар пән мұғаліміне алғысын білдірді.
Ия, бұл өтілген ашық сабақта әрқилы тағдырда әрқилы сынақта жүрген сотталған азаматтардың білімге, өмірге деген құштарлықтары мол екені байқалды.


