Ішкі істер органдары дактилоскопиялық ақпаратты жинақтаумен және сақтаумен айналысады.
Өйткені, қылмыс болған жерді талдауға тура келетін барлық жаңа технология болған күннің өзінде, ең маңызды дәлелдердің бірі әлі де адамның саусақ іздері болып табылады.
Сондықтанда, ҚАЖ саласына қарасты мекемелерде дактиласкопия маманның болуы заңдылық.
Осы орайда, Қылмыстық атқару саласының Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде, мекеме қамауына келіп түскен айыпталушылар мен тергеудегілердің саусақ ізін алу жұмыстары РжКБ-нің ақпарат және байланыс тобының бақылаушысы, әділет сержанты Қожақ Ақберен Темірбекұлына жүктелген.
Менің басты қызметтік міндеттемеме қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың және қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін дактилоскопиялау арқылы ішкі істер органдарының арнайы базасына тіркеу жұмыстарын жүргізу жатады. Яғни, жоғарыда аталған топтағы азаматтардың саусақ іздерін алып, бойын өлшеп, тұлғаны толық тану мақсатында әр қырынан суретке түсіріп, алынған мәліметтерді арнайы базаға және жеке есеп кәртішкелеріне тіркеймін.
Саусақ іздерін алу мен суретке түсіру процестері мекеменің арнайы ғимаратында орналасқан бөлмеде атқарылады.
Әрбір жаңадан келіп түскен азаматқа бұл заңмен міндеттелгендіктен бас тартқан жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы
айтып түсіндіріледі.
Дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартқан қазақстандықтарға айыппұл салынатындығын айтып ескертеміз.
Жыл басынан бергі бір ай ішінде мекеме қамауына жаңадан келіп түскен 60- қа жуық азаматқа дактиласкопиялық жұмыс жүргізілді.
Өз жұмысымды зор қызығушылықпен, жауапкершілікпен атқарамын.
Өйткені, погон тағу балалық арманым болатын.Әлі есімде, әдебиет сабағында Абай Құнанбаевтің «Қансонарда» өлеңін өткенде ұстазымыздан «неге бүркітші аңға қансонарда шығады»? деп сұрағанда « үлпек қарға түскен із жақсы көрінеді, аңшы олжасын тез табады» деп жауап берген болатын.
Сонда мен болашақта қылмыстық істі ашатын із кесуші болсам деп қиялдайтынмын.
Бүгінгі таңда қызмет бабында алып жүрген саусақ іздерінің қылмыстық істерді ашуына игі ықпалы бар екенін білгенде, сол арманым орындалғандай сезінемін — дейді, жас маман.


