Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауына байланысты ҮНДЕУІ

2022 жылдан бастап Қазақстанның саяси өмірінде түбегейлі өзгерістер орын алуда, оның нәтижесі ел Конституциясын өзгерту жөніндегі референдум, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент болып сайлануы, Парламент Сенаты құрамының жаңаруы болды.

2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді. Еркін және әділ сайлау – Әділетті Қазақстан құрудың маңызды құрамдас бөлігі, азаматтық қоғамның саяси жүйеге сенімін арттыру құралы болып табылады.

Болашақ депутаттарға, олардың біліктілігі, кәсібилігі мен әдептілігіне еліміздің алдағы бес жылдық даму болашағы байланысты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы қоғамымыздың ынтымақтастығын нығайтып, Әділетті Қазақстанды құруға ниеттілердің барлығын біріктіруге тиіс. Бірлігіміз бекем болса, әділдік пен дамуға қол жеткіземіз!

Қазіргі сайлау циклінің бір ерекшелігі – елде партиялық құрылыс үдерісі белсенді жүріп жатыр, сайлаушылар алдында сайлауда қай кандидатты, қай партияны қолдауына байланысты қиын таңдау тұр.

Сондықтан біз барлық саяси партияларды сайлауалды бағдарламаларында өз мақсаттарын әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға, лайықты еңбекке қол жеткізуге және еліміздің азаматтарының әл-ауқатын сапалы жақсартуға бағыттауға шақырамыз.

Еңбек нарығында да, жалпы қоғамда да жалдамалы жұмыскерлер мүдделерінің институционалдық өкілі ретінде біз мемлекет дамуының осынау маңызды кезеңінде шетте қала алмаймыз. Біз Қазақстанның қалай дамитынына ешқашан бей-жай қараған емеспіз.

Біздің мақсатымыз – негізі еңбекші халық болып табылатын әділетті әлеуметтік мемлекет құру.

Кәсіподақтар федерациясы қызметінің негізгі бағдары – әділетті экономиканы қалыптастыру арқылы жұмыскерлер мен олардың отбасыларының әл-ауқатын жақсарту.

Біз адал еңбек еткендердің лайықты өмір сүруін қамтамасыз ететін заңдарды қабылдау үшін барлық мүмкіндікті пайдалануымыз керек.

Осыған байланысты Кәсіподақтар федерациясы кәсіподақтардан депутаттыққа кандидаттардың құрамын жасақтап, кәсіподақ кандидаттарын қолдау Штабын құратын болады.

Біздің кандидаттар мемлекеттік биліктің өкілді органдарында мандат алу, сөз жүзінде емес, іс жүзінде еңбеккерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға қабілетті толыққанды кәсіподақ лоббиі болу үшін «Кәсіподақтар – әділеттілік үшін!» сайлауалды тұғырнамасымен сайлауға қатысады.

Сондықтан Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының құрамына кіретін кәсіподақ ұйымдары алдағы сайлау науқанын кәсіподақ идеологиясын насихаттау, өздерінің қатарына жаңа мүшелер мен одақтастарды тарту, сондай-ақ келесі негізгі міндеттерді шешу үшін пайдалануы қажет:

  • өкілді органдарда кәсіподақ мүдделерін, олардың заңнамалық бастамалары мен шешімдерін қолдауды кеңейту;
  • кәсіподақ белсенділері мен көшбасшыларының Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары болып сайлануы;
  • Еңбек адамының және оның отбасы мүшелерінің құқықтары мен мүдделеріне байланысты өткір әлеуметтік-еңбек, экономикалық және саяси мәселелер бойынша қоғамдық пікірді қалыптастыру;
  • еңбек ұжымдарында кәсіптік одақтардың беделін күшейту.

Кәсіподақтар федерациясы барлық кәсіподақ мүшелері мен еңбеккерлерді алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауына белсене қатысуға және лайықты кандидаттарды – сіздермен бірге иық тірескен Еңбек Адамының құқығы мен мүддесін қорғаушыларды қолдауға шақырамыз!

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы

Бас кеңесінің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 1-4

шешімімен қабылданған

«Кемел Тоқаев» ордені: Қайрат Закирьянов ерекше марапатқа ие болды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт...

Тұңғыш Президент саябағында Наурызды бірге қарсы алайық!

Алматы қаласының тұрғындарымен қонақтары, сіздерді 21-ші Наурыз 13:00-де Бостандық...

Казахстан обошёл Францию и Сингапур в мировом рейтинге счастья 

Страна показала высокие результаты в доверии и взаимопомощи. Казахстан занял...

Қазақстан Франция мен Сингапурды басып озып, әлемдік бақыт рейтингінде алға шықты

Қазақстан World Happiness Report 2025 рейтингінде 33-орынға тұрақтап, Францияны...

Әдеп жөніңдегі уәкілдің профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 18 наурыз айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...