Тіл – халықтың мәдениеті мен тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін рухани құндылық. Ол қоғамның дамуына, адамдар арасындағы қарымқатынасқа және жас ұрпақтың қалыптасуына үлкен ықпал етеді. Сондықтан тілдің болашағы – ұлттың болашағымен тығыз байланысты. Қазақ тілі – еліміздің мемлекеттік тілі. Оның дамуы мен күнделікті өмірде кеңінен қолданылуы әрқайсымызға байланысты. Тілді сақтау дегеніміз – оны тек білу емес, білімде, еңбекте және қоғамдық өмірде орынды қолдану. Бүгінгі таңда қазақ тілінің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Білім беру, ғылым, ақпараттық технологиялар мен мемлекеттік қызмет салаларында тілдің қолданысын кеңейту маңызды. Әсіресе, жастардың қазақ тілінде білім алып, өз ойын еркін жеткізіп, кәсіби тұрғыдан дамуына жағдай жасау қажет. Мемлекеттік қызметте тіл мәдениетіне ерекше мән беріледі. Құжаттарды сауатты әзірлеу, ойды нақты жеткізу және азаматтармен дұрыс қарымқатынас орнату – кәсіби жауапкершіліктің бір бөлігі. Бұл талаптар мемлекеттік тілдің қолданысын арттырумен қатар, қоғамдағы өзара түсіністікті нығайтуға да ықпал етеді. Тілдің болашағы оны жас ұрпақтың қаншалықты меңгеріп, күнделікті өмірде қолданатынына байланысты. Сондықтан әр отбасында, әр білім беру орнында және әрбір еңбек ұжымында тілге деген құрмет пен қызығушылық қалыптасуы маңызды. Тілдің дамуы – бүгінгі ұрпақтың еңбегі, ал оның болашағы – келер ұрпақтың қолында. Тілді сақтау мен дамыту – өткенге құрмет, бүгінге жауапкершілік және болашаққа жасалған қадам!
Тараз қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы сот отырысының хатшысы Айкен Мустафина


