Бірлескен жұмыс

Абай облысы бойынша ҚАЖД Тарбағатай аудандық №2 пробация қызметі есебінде тұрған, түзеу мекемесінен босап шыққан жазасын бостандықта өтеуге мүмкіндік алған көптеген сотты болған азаматтарға қажетті көмек түрлерін көрсетілуде. Соның бірі ағымдағы жылы есепке алынған (аты өзгертілген Шынарбек) есімді азаматты қоғамға бейімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған азамат жұмыс қажет етуіне байланысты, Абай облысы Ақсуат ауданының халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыспен қамту мақсатында, жұмыссыздар тізіміне тіркеп, Халықты жұмыспен қамту туралы ҚР Заңына негізінде,және Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы  жергілікті органының шешімі бойынша, Жергілікті шаруа қожалықтарының бірінің өтініші арқылы «Шың» шаруа қожалығымен, Жастар практикасын ұйымдастыруға және қаржыландыру бойынша екі жақты шарт жасау арқылы пробация қызметінің бастамасымен қоғамдық жұмысқа орналастырылды.

Сондай-ақ, алдағы жұмыс барысында сотталған тұлғаларға басқада қажетті көмек түрлерін көрсету жұмыстары жалғасын табатын болады.

Абай облысы бойынша ҚАЖД

Тарбағатай аудандық №2 ПҚ

аға инспекторы Б.Нурахметов

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...