ТҮРМЕГЕ ДІНИ СИПАТТАҒЫ ФИЛЬМ ЖҮКТЕЛГЕН ФЛЕШКА ӨТКІЗБЕК БОЛҒАН ӘЙЕЛ АНЫҚТАЛДЫ

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД №72 мекемесінің фронт-кеңсесінің тексеру бөлмесінде 1991 жылы туған Айжан атты әйелден флешка мен құлаққап табылды. Ол бұл тыйым салынған заттарды бас киімінің ішкі жағына жасырып өткізуге әрекеттенген. Флешкада Омар Хаттабтың діни сипаттағы деректі фильмі болған.

Заңсыз әрекетке барған Айжан өзінің күйеуі – тергеу тұтқынындағы А-ның қоғамдық қорғаушысы болып табылады.

«Тергеу тұтқынындағы А. өткен жылдың наурыз айында ҚР ҚК 272-бабының 2-бөлігі бойынша, яғни жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының санкциясымен тұтқындалған болатын»-деп хабарлайды Алматы қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...