Талдықорғандағы ҚАЖ қызметкерлері Дін басқармасы мамандарымен кездесу өткізді

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №71 мекемесінің қызметкерлері, Жетісу облысының Дін істер басқармасының «Оңалту және кеңес беру орталығының» теологы Дархан Қолбергеновпен Толқын Жарманова мамандарымен профилактикалық семинар өткізді.

Семинардың мақсаты — діни экстремизм идеологиясының алдын алу және қоғамдағы зайырлық қағидаттарын тарату.

Мекеме қызметкерлері арасында өткізілген семинар барысында жеке құрамға деструктивті ағымдардан және діни экстремизммен терроризмнен сақтану және қазіргі қоғамға кері ықпалын тигізіп жатқан жат ағымдар туралы тақырыптарға сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Деструктивті діни ағымдардың қоғамға, жеке адамның тұлға болып қалыптасуына тигізетін кері әсері және зардаптары талқыланды.

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошёл шахматный турнир среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности уголовно-исполнительной системы по области Абай...