12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ақтөбе облысында пробация есебіндегі сотталғандарды квотамен жұмысқа орналастыру бойынша кеңес отырысы өтті

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мәртөк аудандық Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын орындау туралы кеңес отырысы Мәртөк аудандық әкімдігінде өтті.

Кеңесті ашқан Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Әлжан, аудан әкімінің 271 санды 2022 жылғы қаулысына сәйкес, Мәртөк аудандық пробация қызметінің есеінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға арналған квотасы белгіленгені және квота мөлшері 2 пайызды құрайтындығын айта келіп, жұмыс беруші мекемелердің тізімдерін атады.

Кеңес отырысында сонымен қатар, жұмыс берушілер тарапынан ҚР Еңбек кодексі талаптарының сақталуы, есепте тұрған азаматтарға уақытылы еңбекақы төлеу, жұмыспен қамту мәселелері де талқыланды.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

Абай облысының қауіпсіздігі орташа мекемесінде «Оралханның тәрбиелік ойлары» атты кинопоказы мен кітап көрмесі ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде...

№20 мекемеде сотталғандарды жұмыспен қамту және өндірістік әлеуетті дамыту мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №20 мекемеде...

В учреждении №20 обсудили вопросы занятости осуждённых и развития производственного потенциала

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...