Ерболат Досаев Алматыдағы ескі үйлерді бұзу туралы айтты

Алматы әкімі Ерболат Досаев ескі панельді үйлерді бұзуға қатысты ұстанымын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуде қала тұрғындарының бірі қала тарихын сақтап қалуды сұрады.

«Менің ұсынысым қала әкімі ретінде сізге. Сізден қала тарихын сақтап қалуды сұраймын. Егер қалада жаңа тұрғын үй салатын болсаңыздар, орталыққа тиіспеңіздер, өйткені бұл біздің тарихымыз, және алматылық ретінде маған бұл өте маңызды», — деді тұрғын.

Досаевтың айтуынша, өткен жылы абаттандыруды шектейтін нормалар қабылданған. Жаңа жобалардың барлығы Алматы қаласының қала құрылысы кеңесінде қаралады.

«Орталықты қазіргі қалпында сақтаймыз десек, адамдар 1960, 1940 жылы салынған коммуникациялармен өмір сүретінін есте ұстауымыз керек. Біз тарихи келбетті барынша сақтауға тырысамыз, бірақ модернизация сөзсіз жүзеге асады, өйткені адамдар басқалар сияқты өркениеттің барлық игілігін қолданғысы келеді.

Өкінішке орай, панельді үйлерді жаңарту мүмкін емес, өз кезінде АДК (Алматы үй құрылысы комбинаты) салған, бұл үйлер тарих, бірақ оларды бұзу керек деп ойлаймын. Өйткені 25 жылдан астам уақыт бойы біз өскен ықшамаудандардағы панельді үйлер ұзаққа төтеп бере алмайды. Қала жаңартылады, тарихи келбетін сақтаймыз, бірақ жаңарту бағдарламасы, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту толығымен жүзеге асады», — деді Алматы әкімі.

Региональный кадровый резерв города Алматы: путь к профессиональному успеху

Момент зачисления в резерв: что изменилось в вашем восприятии...

Алматыда мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада басталды

2026 жылғы 20 маусымда Алматы қаласында «Адал азамат» тұжырымдамасын...

В Алматы стартовала Спартакиада среди государственных служащих

20 июня 2026 года в Алматы стартовала традиционная спартакиада...

ПРОВЕДЕНО ОЧЕРЕДНОЕ ЗАСЕДАНИЕ СОВЕТА ПО ЭТИКЕ

В соответствии с повесткой дня были заслушаны результаты мониторинга...

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Күн тәртібіне сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін «е-Қызмет» жүйесінде...