12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сотталғандарды шаруашылық бөліміне қалдыру заң талаптарына сәйкес жүргізіледі

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 92-бабына сәйкес, жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтеуге тағайындалған, бес жылдан аспайтын мерзiмге бас бостандығынан айырылған, алғаш рет соттылығы бар адамдар, қауіпсіздігі аралас мекемелерде немесе толық қауіпсіз мекемелерде шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін тартылады.

Заңның осы бабын орындау аясында, Қызылорда қаласындағы № 68 мемлекеттік мекемесінде сотталғандардың өтініш хаттарына байланысты, үш сотталғанға қатысты мекеме коммиссиясының отырысы болып өтті.

Комиссия отырысына мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Зиябеков Жәнібек Мелдебекұлы және бөлім бастықтары қатысты.

Алғаш болып сөз алған, Арнайы есепке алу бөлімінің бастығы, әділет майоры Ф.Сембаева бұл сотталғандардың үшеуінің де ҚРҚК-нің 188-бабының 2- тармағы бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылғандығы туралы сот шешімі шыққандығын оқып берді.

Одан соң, жедел және режим бөлімінің бастықтары жоғарғыда аты аталған үш сотталғанға қатысты жаза өтеу барысында режим талаптарын бұзбағандықтан, ешқандайда ескертулердің болмағандығын, шаруашылық бөліміне қалдыруға қарсылықтары жоқ екендігін айтты.

Сондай-ақ, медицина бөлімі қызметкері бұл азаматтардың жұмысқа деген денсаулығын жарамды деп таныса, қаржымен қамтамасыз бөлімінің бастығы олардың айлық еңбек ақысы төленіп, атқару парағы бойынша белгіленген төлемдердің ұсталынылатындығын мәлімдеді.

Ал, мекеменің АКАӘПТЖБ бастығынының міндетін атқарушы,әділет аға лейтенанты Н.Ниязов:

Сот үкімімімен шыққан белгіленген жаза бойынша сотталғандардың еңбегін ұйымдастыруға тәрбие бөлімі аса жауапкершілікпен қарайды.

Өйткені еңбек-сотталғандарды түзелу жолына бастайды. Сондықтан, бүгінгі отырыста 3 сотталғанның өтініші негізінде, арнайы контигентпен тікелей жұмыс жасайтын бөлім басшыларының пікірі тыңдалынды.

Отырысқа қатысқан коммисссия мүшелері, бірауыздан қарсы емеспіз деп танып, шешім шығару үшін мекеме бастығына ұсынды.

Мекеме бастығының құзырымен шешім қабылданып, сотталғандарды жұмыспен қамту жүз пайызға орындалды.

Бүгінгі таңда штатқа сәкес, 19 сотталған азамат мекеменің шаруашылық бөлімінде еңбек етуде.

«Заңды бұзудың түбі – темір тор»: сотталғанның ащы өкініші

Қызылорда облысында сотталған азамат ащы өкінішін айтты, – деп...

Сотталғандармен психологиялық жұмыс: қорқыныштың алдын алу сессиясы

Абай облысындағы №21 мекемеде сотталған азаматтармен психологиялық қолдау жұмыстары...

Облыс прокуратурасының қызметкерлері жаза өтеудегі тұлғалармен кездесу өткізді

«Заң мен тәртіп» қағидаты және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдық...

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...