Атырауда ұлттық паралимпиада мен сурдолимпиада құрамалары қатарына 76 спортшы кірді

Атырауда Паралимпиада және сурдлимпиада ұлттық құрамаларына 76 спортшы кірді. Бұл туралы Денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ернұр Нетжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Е.Нетжановтың айтуынша, соңғы жылдары облыста мүгедектерге арналған спорт клубы қарқынды дамып келеді. Мүмкіндігі шектеулі жандарды денешынықтыру мен спортқа тарту үшін облыстың жеті ауданында спорт нұсқаушылары жұмысқа алынды. Бүгінде облыста 1230 мүмкіндігі шектеулі адам спортпен шұғылданса, оның 630-ы физиотерапиялық жаттығулармен айналысады.

Мүгедектер спорт клубына спорт кешені бөлініп, спортшыларды үйлерінен тікелей оқу-жаттығу жиындарына жеткізу үшін төрт көлік бөлінді.

Спорт кешенінде барлық санаттағы 390 мүгедек спортшы спорттың 17 түрімен тегін айналысуда. Ауылдық жерлерде спортпен шұғылданатын бұл топтағы спортшылар саны 165 адамды құрайды. Олардың арасында еңбек сіңірген үш спорт шебері, үш еңбек сіңірген жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі 25 спорт шебері, 84 спорт шебері, 236 спорт шеберіне үміткер бар. ҚР Паралимпиада және сурдлимпиада құрамасына 76 спортшы енді.

Судьялар одағына — 30 жыл!

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының құрылғанына биыл 30 жыл толып...

Обжалование подзаконных нормативных правовых актов в административном судопроизводстве

17 декабря 2025 года в законодательство Республики Казахстан внесены...

«Платишь – молчишь. Эта эпоха заканчивается»

Максут Насибулов - о реформе жилищного управления, исчезающих деньгах...

Обжалование подзаконных нормативных правовых актов в административном судопроизводстве

17 декабря 2025 года в законодательство Республики Казахстан внесены...

Пробация қызметінің қызметкерлеріне жаңа қызметтік автокөліктердің кілттерін табыстау салтанатты рәсімі өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде пробация...