Сотталғандардың жұмыс орнындағы қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету — маңызды

Сотталғандардың еңбек заңнамасын сақтау және жұмыс орнындағы қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мәселелері Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №9 қоныс колониясының базасында жеке кәсіпкерлермен өткен жұмыс кеңесінде талқыланды.

Кеңесті ашқан Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Нұрбек Кабдікәрімов, жеке кәсіпкерлер өкілдеріне өндіріс орындарындағы қауіпсіздікті сақтау және өндірістік жарақаттар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелерін ерекше бақылауда ұстап отыруды тапсырды.

«Жұмыс кеңесінде сонымен қатар, жұмыс беруші жеке кәсіпкерлер тарапынан жазасын өтеуші сотталғандардың уақытылы еңбекақысын төлеу және еңбек демалысына шығу сұрақтары да қаралды»,- дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...