30 градус аяз, қарлы боран. 12 қаңтарда ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 12 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі арктикалық антициклон әсер ететіндіктен жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. Республиканың оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар жауады, қарлы боран соғып, жел күшейеді. Республиканың оңтүстік-шығысында тұман түседі», — делінген хабарламада.

Түнде Алматы, Түркістан облыстарының солтүстігінде, таулы аудандарында және Жетісу облысында өте қатты 30-33 аяз градус болады, Қарағанды, Ұлытау облыстарының шығысында өте қатты 40 градус аяз, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында 20-24 градус қатты аяз сақталады, Жамбыл облысында 30-33 градус қатты аяз болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде аздаған қар жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -27-29, күндіз -17-19 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -21-23, күндіз -15-17 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -24-26, күндіз -10-12 градус болады.

Ұлттық бірегейлік пен рухани құндылықтар мәселелері талқыланған кітап таныстырылымы өтті

2026 жылғы 11 тамызда Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық...

Ыстықкөлдегі жазғы мектеп Орталық Азия мен Қытай медиасарапшыларын біріктірді

14-ші Халықаралық журналистика және коммуникация жазғы мектебінде Орталық Азия...

АБАЙ КҮНІНЕ ОРАЙ КІТАПТЕРАПИЯ ӨТКІЗІЛДІ

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №15 мекемеде Абай...

Летняя школа на Иссык-Куле объединила медиаэкспертов и ученых Центральной Азии и Китая

На 14-й Международной летней школе журналистики и коммуникации ученые...

«Заң және тәртіп», инклюзия және сайлауды цифрландыру: партиялар қандай тақырыптарды талқылады

Демалыс күндері партиялар тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесулерін жалғастырып,...