Түркістандық полицейлер 40 рет жол ережесін бұзып, айыппұлын төлемей жүрген жүргізушіні анықтады

Түркістан облысы аумағында 19-30 желтоқсан аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мұндағы негізгі мақсат — автокөліктерге тексеріс жүргізіп, әкімшілік айыппұлдан жалтарып жүрген жүргізушілерді анықтау. Сондай-ақ бұл шараға жеке сот орындаушылары да жұмылдырылуда.
Осы бағытта жұмыс жүргізіп жатқан Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 7 тәулікте 3 миллион теңгенің айыппұлын өндірді. Яғни тексеріс кезінде жол ережесін бұзғаны үшін өздеріне тағайындалған айыппұлды белгіленген мерзімде төлемегендер анықталды. Сондықтан бұл азаматтардың автокөліктері айыптұраққа қойылды.

Мәселен тәртіп сақшылары аудан көшелерінің бірінен «LADA PRIORA» маркалы автокөлікті тоқтатты. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында, оның 40 рет жол ережесін бұзып, 700 000 теңгеден астам төленбеген айыппұлы бары анықталды. Бірден көлік айыптұраққа қойылып, берешегі толығымен өнідірілді. Өз кезегінде полиция қызметкерлері аудан тұрғындарына әкімшілік айыппұлды уақытында төлеу керектігін ескертеді. Алдағы уақытта айыппұлдарды өндіру жұмыстарын жандандыру және жеке сот орындаушылармен бірлесіп, мәжбүрлі түрде өндіру шаралары жүйелі атқарыла бермек.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қазақстанда алғаш рет «SHAIQAS-2026» әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр

Ауқымды жоба ұшқышсыз авиациялық жүйелерді әзірлеушілерді, жерүсті робототехникасы мамандарын,...

Казахстан нарастил производство и экспорт мороженого

35,1 тыс. тонн мороженого произведено в Казахстане  По итогам января–мая...