12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Түркістан қаласының полицейлері 10 жайт пәтерлік ұрлығына күдіктілерді ұстады

Түркістан қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі арызданды. Ер адамның айтуынша, белгісіз біреулер оның үйіне кіріп, ақша, алтын бұйымдар, парфюмерия мен қол сағатын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі жарты миллион теңгеден асты.

Осындай шағыммен полицияға тағы бірнеше жәбірленушілер жүгінді, олардан ұрылар құнды заттарды жымқырған. Аталмыш пәтер ұрлығын ашу мақсатында, Түркістан қ. ПБ-да тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары ауланы аралап, ықтимал куәгерлерден сұрастырып, бейнебақылау камераларын мұқият тексерді. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұрлық жасаған күдіктілерді ұстады. Сезікті екеу Түркістан қаласының тұрғындары болып шықты.

Белгілі болғандай, күдіктілер жәбірленушілердің үйлерінде ешкім жоқ екеніне көз жеткізіп, терезе арқылы кіріп, кез-келген құнды заттарды, техниканы, алтын бұйымдар мен ақшаны қолды еткен. Содан кейін ұрланған бөтеннің мүлкінің бір бөлігін ломбардқа өткізіп, ал ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Тергеу барысында жас жігіттердің жалпы көлемі 2 миллион теңгеден асатын 10 дерек пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды.

Қазіргі уақытта осы жайттар бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Полицейлер күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сотрудники учреждения №3 возложили цветы к Вечному огню

Сотрудники учреждения №3 возложили цветы к Вечному огню в...

№3 мекеме қызметкерлері мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

ҚАЖ Департаментінің №3 мекеме қызметкерлері мәңгілік алауға гүл шоқтарын...

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған сенбілік

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамерті...

Абай мұрасы – ұлттық рухани қазына: Алматыда арнайы семинар өтті

2025 жылдың 13 мамырында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы...

Рабочее совещание!

В актовом зале РГУ «учреждения Nº3» КУИС МВД РК...