Жеке құрамның жаңа толқынына түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Қылмыстық атқару саласына қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінің жеке құрамы 22 жас маманмен толықты. Бұл жас азаматтардың дерлігінің заң саласы бойынша дипломы бар. Олар, ҚАЖ департаментінің бос лауазымдық орындарға конкурс жариялауы негізінде қабылданып, Қостанайдағы Ш. Қабылов атындағы академияда   үш айлық білімін жетілдіру курсында оқып келді.

Мекемеге алғаш келген күні жас қызметкерлерді мекеме бастығы, әділет майоры Қайырбек Ильясов жеке қабылдап, ҚАЖ қызметінің жауапкершілігін түсіндірді. Тергеу изоляторында жұмыс атқару аса табандылық пен зор жауапкершілікті талап етеді. Өйткені мұндағы түзеу мекемелерінде мемлекетіміздің заңына бағынбай, шектен шыққан бұзақылар ұсталынады. Сондықтан қамаудағылармен жұмыс жасауда аса сақтық пен ұстамдылық, шыдамдылық қажет.

Сондай-ақ, ең бастысы заңсыз қатынасқа түспеуді басты назарда ұстап жүру сендердің негізгі ұстанымдарың болу керек. Тек ең айбарлы, ержүрек және батыл адамдар ғана өзінің өмірлік қызметі ретінде осы саланы таңдайды.

Сіздердің әрқайсыларыңыз өз қызметтік парыздарыңызды бұлжытпай орындайтындарыңызға сенімдімін. Біз ел тағдыры, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі қызметіміздің нәтижелілігіне, ұйымдастырылуы мен жауапкершілігіне байланысты екенін сезінуіміз керек- дей келе, жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілердің жұмыстарына сәттілік тіледі.

Мекеме бастығының жылы қабылдауынан соң, кадр саясат тобының инспекторы әділет сержанты Ж.Даулетиярова жаңадан келгендердің құжаттарын қабылдап тексерді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі және қызметтік әдеп мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы Жарлығымен шыққан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің жаңа редакциясымен таныстырды.

Осылайша, жұмысқа жаңадан қабылданған жас толқынның алғашқы күні түсіндірме жұмыстарымен басталды.

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...