Кентау қаласында қылмыс саны азайып келеді

Кентау қаласында үш күннің ішінде 61 сотталғанның тұрғылықты мекен жайы бойынша тексеру жүргізді. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Кентау қалалық пробация қызметі мен қалалық полиция басқармасының инспекторлары бірлесіп «Құқықтық тәртіп» аты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Аталған шараның басты мақсаты қылмыстың алдын алу және бұрын істі болғандармен кері байланыста мұндай шаралардың маңыз зор! Сондықтан қалада мұндай профилактикалық шараларды жиі өткізіп тұрады.

Іс-шара барысында профилактикалық және тізімдік есепте тұрған тұлғаларды мекен-жайлары бойынша тексеріп, құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Қазіргі таңда жедел профилактикалық шараның арқасында бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған сотталғандар тарапынан орын алатын құқықбұзушылықтың саны азайып келеді. Бас бостандығынан айыру жазасына байланысты емес жазаға сотталғандардың негізгі міндетін сот белгілейді. Атап айтқанда, оларға жұмыстан немесе оқудан бос кезде міндетті түрде тұрғылықты жерде болу, алкагольдік ішімдік ішетін, құмар ойын-сауық орындарына бармау, пробация қызметіне белгілеген күндері келіп тіркелу міндетті болып табылады. Осы тәртіпті бұзған жағдайда бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына алмастырылады.

Ал шартты жаза болған жағдайда шартты мерзімді ұзарту немесе шартты жазаның күшін жойып бас бостандығынан айыру жазасына алмастыруға сотқа ұсыныс жолданады, — деді Кентау қалалық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Атабек Исаев.

Пробация қызметі бастығының сөзіне қарағанда жедел профилактикалық шара барысында қалалық пробация қызметінің есебінің қызметінде тұрған сотталғандардың тұрғылықты мекен жайы, жұмыс және оқу орнына тексеру жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, аға инспектор тексеру шарасы барысында сотталған азаматтардың жақын туыстарымен сөйлесіп, олардың отбасылық жағдайы және әлеуметтік жағдайын анықт ау жұмыстары да жүргізілді.

Егер сотталған азамат сот үкімінде көрсетілмеген міндеттерді орындамаған жағдайда ҚР ҚК-тің 44 және 46 баптары бойынша сотталған тұлғаның ісі сотқа жолданатыны жайында да айтып өтті. Сондай-ақ, шартты түрде сотталушы сынақ мерзімі ішінде өзінің түзелгенін дәлелдесе шартты түрде соттаудың мерзімінен бұрын босату жөнінде сотқа ұсыныс беріледі. «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының өтуі барысында құқық бұзушылыққа бейім адамдар тізімі анықталып, есепте тұрған сотталғандардың тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерістер жүргізіліп, сотталғандармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...