12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тексеру шарасы өтті

Сауран ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың мекен-жайы бойынша тексерілді. Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған 20-дан астам сотталғанның мекенжайы бойынша тексерді. Тексеру барысында сотталған азаматтардың кешкі уақыттағы тыныс-тіршілігімен танысты. Желтоқсан айында «Құқықтық тәртіп» атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД Сауран аудандық пробация қызметі және ЖПҚБ-і учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметі және полиция есебінде тұрған адамдарды тұрғылықты мекен жайы бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі. Қылмыстың алдын алу және бұрын істі болғандармен кері байланыста мұндай шаралардың маңыз зор.

Сондықтан қалада мұндай профилактикалық шараларды жиі өткізіп тұрады.
Сауран аудандық пробация қызметі есепте тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған адамдар тарапынан жасалатын қайта қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және іздеуге жарияланған сотталғандардың тұрғылықты орындарын анықтау мақсатында кешкісін мекенжай бойынша тексеру жүргізді.

Сауран ауданында бір күнде 20 сотталған азаматтың түрғылықты мекен жайы бойынша тексерді. Сотталғандардың тарапынан құқық бұзушылық орын алмады. Аталған шараның басты мақсаты — пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу мақсатында олардың тұрғылықты мекен-жайына барып тексеру жүргізіп, кеңес өткізеді. Сонымен қатар, тіркеуде тұрған азаматтар Сауран аудандық пробация қызметіне келіп тіркеуден өтті. Олар өздерінің құқық бұзушылық жасамай, өздеріне берілген мерзімін өтеу барысында сот жүктеген міндеттерді бұзбай жүргендерін де көрсетті.

Профилактикалық іс-шара барысында Сауран аудандық Пробация қызметінің инспекторы есепте тұрған сотталғандардың тұрмыстық және әлеуметтік жағдайымен танысты. Сонымен қатар, бас бостандығынан оқшалаусыз жазаға тартылған сотталған адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтарды немесе қайта қылмыстық құқықбұзушылықтарды дер кезінде анықтау мақсатында, ҚР ІІМ іздеу жүйелері және басқа мемлекеттік органдардың базалары бойынша тексеру жүргізіп отырады. Егер сотты болған азамат тұрғылықты мекен-жайында болмаса онда ол адамға акты толтырылып ескерту беріледі. Екі рет ескерту алған адамға, үшіншіде ескерту қарастырылмайды. Сөйтіп, аудандық пробация қызметі бөліміне шақыртылады. Сотталушы азаматтан үйінде болмауының себебін анықтап, жазбаша түрде түсініктеме алынады. Егер оның берген жауабы өзінің әрекетіне сәйкес келмесе, я болмаса пробациялық бақылаудан жалтарып, сот жүктеген міндеттерді орындамағаны анықталса жазбаша түрде «Ескерту» жарияланады. Ал, ескерту бар болса онда ҚР ҚК-нің 44-бабы 3 бөлімі негізінде бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жасасына ауыстыруға сотқа жолданады. Ал жазаны сот тағайындайды.

Біз полицияның учаскелік инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды тексеруге жиі шығамыз. Пробация есебінде тұрғандарды қоғамға бейімделіп жұмысқа араласуына, кәсіпкерлік бойынша білім алуына мүмкіндік жасаймыз. Біздің аудандық пробация қызметі есебінде тұрған сотты болған азаматтардың біршамасы жұмысқа орналасып, олардың арасында өзінің кәсібін бастағандар да бар, — деді Сауран аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет лейтенанты Қайсарбек Серманов.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Легендарный судья-фронтовик

МУЗЕИ, АРХИВЫ И ДРУГИЕ ЦЕНТРЫ КУЛЬТУРЫ АКТИВНО ИСПОЛЬЗУЮТ СВОЙ...

Голос манипуляции: не стать жертвой мошенников

ТЕЛЕФОННОЕ МОШЕННИЧЕСТВО – ЭТО НЕ ТЕХНИЧЕСКОЕ ПРЕСТУПЛЕНИЕ В КЛАССИЧЕСКОМ...

Судопроизводство в эпоху цифровизации 

На юридическом факультете Казахского национального университета имени аль-Фараби состоялась...

Из детдома — в кошмар

Семья из Каркаралинского района Карагандинской области шесть лет подвергала...

Семей қаласындағы қарттар үйінің тұрғындарына мерекелік құттықтаулар ұйымдастырылды

9 мамыр мерекесімен №21 мекеме қызметкерлері Семей қаласындағы қарттар...