20-21 желтоқсанда Астанада бірінші Орталық Азия медиа форумы өтеді

Желтоқсан айының 20-21  күндері Астана қаласында бірінші Орталық Азия медиа форумы өтеді.

Форум аясында медиа мамандар мен танымал сарапшылар өңірдегі медианы дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, Орталық Азияда ортақ медиа кеңістік құру идеясын сараптайды.

Орталық Азия Медиа Форумының күн тәртібіндегі басты мәселе – бірыңғай медиа платформа қалыптастыру. Іс-шараға 100-ден астам  спикер қатысады. Бұл — халықаралық деңгейдегі белгілі ғалымдар, саясаткерлер, журналистер, беделді сарапшылар мен медиа саласындағы халықаралық ұйымдардың өкілдері.

Бірінші Орталық Азия медиа форумының қатысушылары өңірлік бірегейлік, жаңа медианы дамыту, жасанды интеллект технологияларын медиада қолдану, Орталық Азиядағы креативті индустрияның  дамуы, пост-шындық кезеңіндегі ақпараттық қауіпсіздік, медиа саласындағы білім беру транформациясы, өзара ынтымақтастықтағы халықаралық ұйымдардың орны, азаматтық қоғамды дамытудағы гендерлік теңдіктің рөлі, өңірлік және жаһандық кооперация мүмкіндіктері сияқты көкейкесті мәселелерді сөз етпек.

Форумның панельдік сессиясында Түркияның 11-Президенті Абдолла Гүл, Монғолияның 3-Президенті Намбарын Енхбаяр өз ойларын ортаға салады.

Іс-шараның хэдлайнері — америкалық New York Times-тың 4 мәрте бестселлер иегері, қазақ қызы, бүркітші Айшолпан жайлы  жазылған  “Eagle Huntress” кітабының авторы Лиз Уелш, голливуд актері, әйгілі боксшы Рой Джонс, YouTube желісінде  18 миллиард қаралым  жиған дүние жүзіндегі балаларға арналған ең танымал  dBillions жобасының авторы Ернис Уметалиев және Пулитцар сыйлығының иегерлері.

Сонымен қатар, іс-шараға Түркі мемлекеттері ұйымы, Ислам Ынтымақтастығы ұйымы, Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы, ТҮРКСОЙ,

АЫӨСШК, БҰҰ, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, UNFPA, ЕҚЫҰ Қазақстандағы өкілдіктері қатысады. 

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген БҰҰ резолюция арқылы бекіткен 21 қыркүйектегі “Халықаралық бейбітшілік күнінің” және әлемдік “Peace one day” жобасының авторы Джереми Гиллимен бірге  бейбітшілік идеясы бойынша арнайы сессия өткізеді.

Сайт: https://ca-mediaforum.org/ru

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...