Медицинаға жанымен берілген Маржан

Мен медицинаға жәйдан-жәй келгенім жоқ. Таңдауыма қарапайым ғана медбике себеп болды. Жасөспірім кезімде сырқаттанып, ауруханаға түскен едім. Сонда мейірбикенің жанталасып, бір науқас жанның өміріне араша түскенін өз көзіммен көрдім. Сол күннен бастап менде келешекте өзгенің өмір сүруіне септігімді тигізіп, батыл қадамдар жасағым келді. Кейін балалағымды тастап үлкен өмірге қадам басқан шағымда, еш ойланбастан медицина саласына түсуді жөн көрдім,- дейді, Отан соғысы мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпитальдің терапия бөлімінің бас мейірбикесі МаржанТамаева.
Маржан Жетпісбайқызы Алматы облысының Кеген ауданындағы Ұзынбұлақ ауылында туып өскен. Ы.Көшкінов атындағы мектепті 2006жылы бітіріп,
2006-2009жылдары Алматы медицина колледжінде мейірбике ісі мамандығы бойынша оқып диплом алады.

Бірінші дәрежелі мейірбике Маржан Жетпісбайқызы мейірбике ісі бойынша жұмыс жасауға 2019жылы сертификат алдым дейді. 2009 жылы диплом алғаннан кейін Институт онкологияда (КазНИИОиР) жұмыс істеп бастайды. (2016жыл аралығында) Содан еңбек жолын 2016-2018жылдары Алматы Онкология орталығының (АОЦ) хирургия бөлімінде аға мейірбикелік қызмет атқарып, жалғастырады.
2018 жылдан бері Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпитальдің Терапия бөлімінде аға мейірбике қызметін атқарып жүр. Білім бойынша 5 жыл сайын сертификат алып, біліктілікті арттыруға әр салада арнайы сабақтар оқиды. Еңбегі еленіп, 2019 жылы «Алғыс хат», 2020 жылы МЗ РК дан «Алғыс хат» алады. 2021 жылы Чернобыль төрағасы «Құрмет» граммотасымен марапаттайды. 2022жылы Семей полигоны қоғамдық бірлестігінің төрағасы «Ерен еңбегі үшін» деген медальға ұсынады.
Сүйікті мамандығымды өзім қалап, оқуға түсіп қазір соның жемісін жеп жүрмін,-дейді, Маржан Жетпісбайқызы. Мен еңбек ететін Терапия бөлімін білікті маман дәрігер Әшірбекова Құралай Жумаханқызы басқарады. Өте ұйымшыл бұл бөлімде 17 қызметкер бар. Бөлім дәрігерлері терапевт Дузеева Айнур Ерболқызы мен кардиолог дәрігер Бекетова Гаухар Бақытқызы әрдайым тәжірибесімен бөлісіп, білгендерін үйретеді. Бөлімше мейірбикелері мен кіші медицина қызметкерлерінің де ауызбіршілігі зор, өз қызметтерін жақсы білетін маман иелері. Болашақта осы госпитальдің еліміздегі алдыңғы медициналық мекеме болуына бөлімше болып ат салысуға тырысамыз,- дейді, білікті маман.
Міне Тәуелсіздіктің үздік дәрігерлері!
Қарақыз Алданышқызы

Кәсіпкерлікті дамыту

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде...

Қазақстандағы Конституциялық комиссия мен цифрлық платформалар реформаның инклюзивтілігін қамтамасыз етті – америкалық сарапшы

Қазақстандағы конституциялық реформа өзгерістерді дайындаудың инклюзивті тетіктерінің және реформаларды...

Референдум как показатель политической вовлеченности граждан в принятие государственных решений

Референдум в Казахстане позволяет зафиксировать несколько важных тенденций в...

Новая Конституция – это общественный выбор в пользу обновления и стабильности

Прошедший референдум по новой Конституции показал, что предложенная реформа...

Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаттары айқын

Азаматтар өзінің заңды құқығын біліп, өз мүддесін қорғауға қабілетті...