12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тоқаев Президент Әкімшілігі басшысының орынбасарын қызметінен босатты

Мәлік Мырзалин Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасының Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.

1971 жылғы 31 қазанда Ақтөбе қаласында туған. 1996 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген. Еңбек жолын Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігінде бастаған.

1996-2004 жылдары – Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші, екінші, бірінші хатшысы.

2004-2008 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы, әкім орынбасары, бірінші орынбасары.

2008-2009 жылдары – «Нұр-Отан» ХДП орталық аппараты басшысының орынбасары, Астана қаласы.

2010-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы аппаратының басшысы.

2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің жауапты хатшысы.

2013-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары, бірінші орынбасары.

2017-2019 жылдары – Ақмола облысының әкімі.

2019 жылғы 19 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

«Парасат» (2021 жылы), «Құрмет» (2014 жылы) ордендерімен және «Ерен еңбегі үшін» (2005 жылы) медалімен марапатталған.

61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2026 жылы өтетін...

Олжас Бектенов обсудил с экспертами вопросы развития экономики 

📍 Премьер-министр РК Олжас Бектенов провел встречу с экспертами экономического...

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады 

📍 Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық блок сарапшыларымен кездесу өткізді. Онда...

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан қаласында өткен «Қысқы кубок» халықаралық футбол турнирі аясында...

Мемлекеттік тілге құрмет — елге құрмет

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда...