Түркістан облысының полицейлеріне экстремизмнің алдын алу бойынша сабақ өткізілді

Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастамасымен полицейлердің біліктілігін арттыру мақсатында, Түркістан облысы бойынша "AQNIET "ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы" қоғамдық қорының өкілдерімен кездесу өтті. Онда теологтар күн сайын халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтін жедел уәкіл қызметкерлері үшін оқыту сабақтарын өткізді.                                       Сабақ барысында ұйымдастырушылар "салафизм" идеологиясының негіздері, оның дәстүрлі ислам нормаларынан негізгі айырмашылықтары, діни экстремистік ұйымдардың құрылу тарихы туралы айтып, сондай-ақ күнделікті қызметте қажетті өзге де мәліметтер берді.            
Аталмыш сабақ кезінде тәжірибесі аз, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жас қызметкерлерін ақпараттандыруға ерекше назар аударылды. Себебі оларды адамның деструктивті діни ағымдарға жату белгілерін анықтауға, қылмыстық қудалау орбитасына енуі мүмкін экстремистік идеялардың ізбасарларының психологиясын түсінуге үйрету маңызды болып табылады.   
Бұл іс-шара біліктілікті арттыру қызметтік міндеттерін неғұрлым тиімді орындауға және азаматтардың заңды мүдделерін қорғауға ықпал етеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...

Цена одной процессуальной ошибки

В 2021 ГОДУ КАЗАХСТАН СДЕЛАЛ ОДИН ИЗ САМЫХ СЕРЬЕЗНЫХ...