Полицейлер мас халде көлк тізгіндеген тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейд кезінде, яғни кешкі уақытта жүрісі күдік тудырған «Лада-21901» маркалы автокөліктің жүргізушісін тоқтатты. Көлік жүргізушісімен тілдесу кезінде сақшылар оның мас болуы мүмкін екеніне күмәнданып, сараптамадан өткізді. Сараптама қорытындысы жүргізуші ер азаматтың алкогольді масаң күйде екендігін анықтады.
Сақшылар одан әрі қарай анықтау кезінде ер азаматтың бұған дейін соттың үкімімен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғанын білді.
Автокөлік бірден айыптұраққа қойылып, жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі «Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Яғни жүргізуші бұған дейін құқық бұзып, көлік жүргізу құқығынан айырылса да, одан қорытынды шығармаған. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...

Цена одной процессуальной ошибки

В 2021 ГОДУ КАЗАХСТАН СДЕЛАЛ ОДИН ИЗ САМЫХ СЕРЬЕЗНЫХ...