12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Елімізде мүгедектігі бар жандарға қолайлы жағдай жасалған

Мемлекет бaсшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше күтімді қажет ететін жандарға жан-жақты қолдау көрсету аса маңызды екенін айтып өтті. Және жергілікті басқарушы органдарға әлеуметтік нысaндaрдың бәрін мүмкіндігі шектеулі жaндaрдың қaжеттілігіне қaрай бейімдеуді тапсырып, оларға барынша ыңғайлы қоғамдық орта қалыптастыру керек екенін айтқан еді.

Шындығында мүмкіндігі шектеулі жандар мүгедектікті сұрап алған жоқ. Бірі туа бітті жарымжан болып өмірге келсе, бірі өмір болған соң нешетүрлі сынақты басынан өткізіп, түрлі жағдайларда мертігіп, он екі мүшесінің бірінен айырылып, кем болып жатады. Ал мұндай қоғам өкілдеріне мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлық аз емес. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын жандарды қолдау, оларды жұмыспен қамту және қоғамдық өмірге тарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық. Тіпті кейбір мейірімді жандардың арқасында мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмекте те көрсетіліп жатыр. Дегенмен көкейде жүрген «Елімізде инклюзивті қоғамды дамыту қалай жүріп жатыр? Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қаншалықты қамқорлық көрсетілуде? Ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін тең мүмкіндіктер жасалынуда ма?» деген сауалдарға жауапты мамандардан сұрап білдік.   

Сіз не дейсіз?

Назира Құрмашева, «Алматы қаласының Голбол федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті:

Назира Құрмашева

Өзім ІІ топ мүгедегімін. Көзім нашар көреді. Бүгінгі таңда көзі нашар көретін азаматтарға арналған спорт түрлерін жандандырып, елімізде «гол-бол» спортын дамытып отырмын. 2018 жылы «Алматы қаласының Голбол федерациясы» қоғамдық бірлестігін құрып, 2014 жылдан бері зияткерлік ойын «Тоғызқұмалақ» шығаруды қолға алған болатынбыз. Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан мүгедектігі бар жандарға түрлі әлеуметтік көмектер көрсетілуде. Мәселен, І топ мүгедектерінің көмекшілеріне ақша бөлінеді. Сондай-ақ, I, II, III топ мүгедектері мемлекеттен ай сайын жәрдемақы алып отырады. Сонымен қатар, мүгедек деп танылған адам ең бірінші жеке оңалту бағдарламасынан өтеді. Дәрігерлердің жазып берген анықтамасына қарай қажет құрал-жабдықтар беріледі. Мысалы, көзі көрмейтін жандар тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етіледі дегендей. Одан бөлек мемлекеттен тыс мүгедек жандарға көмек көрсететін қоғамдық бірлестіктер де көп. Солардың бірі, мен басқарып отырған «Алматы қаласының Голбол федерациясы» қоғамдық бірлестігін айтуға болады. Бірлестік мүгедек адамдарды спортқа тартып, олардың нәтиже көрсетулеріне атсалысып, өмір сүру деңгейлерін көтеруге әртүрлі мүмкіндіктер жасауда. Біз спортта жетістігі бар мүгедектерді үлгі етіп, үйден шықпай отырған мүмкіндігі шектеулі адамдарды қатарға қосуға асығамыз. Осы бағытта жарыстар мен турнирлер өткізудеміз. Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандар жаңа спорт түрі гол-болды меңгеріп, халықаралық жарыстарға қатыса бастады. Гол-бол — көз мүшесі зақымдалған мүгедектер арасында өткізілетін спорт түрі. Арнайы сыңғырлайтын доп болады. Сол допты бір-біріне лақытырып, домалатып, дауысы бойынша ұстап ойналады. Бізде шахмат, тоғыз құмалақ, гол-бол сынды спорт түрлері дамыған. Федерация бүгінде бірнеше спорт шебері мен спорт шеберіне үміткерлер дайындап отыр.

Меніңше, бұрын  мүгедектерді кемсіту секілді іс-әрекеттер кейбір адамдардың тарапынан болатын. Бірақ қазір ол мейірімділікке, ізгі ниеттілікке өзгерген секілді. Өйткені бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандарға деген жағымды қарым-қатынас байқалады. Дегенмен әттеген-ай деген тұстары да бар. Мысалы, тұрғын үй кезегінде тұрған мүмкіндігі шектеулі жандардың басым бөлігі үй ала алмайды. Себебі талаптарға сай болу керек. Ал ол үшін ең бірінші зейнетақы қоры болу қажет. Мұндай процестен өту үшін жастарға ең бірінші жұмыс керек. Әрине, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы деген тізім бар. Оған мүгедек жандар яғни, І, ІІ топтағы мүгедектер және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар кіреді. Олар сол арқылы үй кезегіне тұра алады. Бірақ ол кезек қашан келеді деген сұрақ туындайды.

Әділғазы Серікхан, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Заң факультеті, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доцент м.а., PhD докторы, заңгер:

Әділғазы Серікхан

Қазастан Республикасында мүгедектігі бар азаматтарды заң жүзінде қорғау Қазақстан Республикасының негізгі заңы яғни Конституциясы нормаларымен қорғау қамтамасыз етілген. Сонымен бірге, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау халықаралық құқық нормаларымен де қамтамасыз етілген. Нақтырақ айтар болсақ, 2006 жылғы 13 желтоқсанда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында қабылдаған БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында  мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияның 28-бабына сәйкес Қазақстан өзіне мүгедектердің жеке басы үшін және бірге тұратын отбасы мүшелері үшін жеткілікті тамақпен, киіммен, сонымен бірге тұрғын үймен және салауатты өмір сүру деңгейін үздіксіз жақсарту шараларын қабылдауға міндеттеме алғанын ескерсек, ҚР Конституциясының 28-бабында мүгедек азаматтарды ең төменгі зейнетақы мен жалақы мөлшерінде әлеуметтік кепілдік берген. Қазіргі таңда ең төменгі жалақының 75 мың теңге көлемінде екенін ескерсек мүгедек азаматтардың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етуге жете ме деген сұрақ туындайды. Дегенмен де, Қазақстан Республикасы мүгедек азаматтарды әлеуметтік қорғау саласы бойынша біраз құқық нормаларын қабылдап, мүгедек жандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға көңіл бөле бастағанын байқауға болады. Нақтырақ айтар болсақ 2019 жылы Үкіметтің 2025 жылға дейінгі Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарына сәйкес мүгедек азаматтарды әлеуметтік жағдайы аз болса да жақсарады деп ойлаймын. 2005 жылғы Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңның 15-бабына сәйкес мүгедек жандарға қайырымдылық көмек, әлеуметтік қорғау, медициналық көмек, кәсіптік оңалту шаралары және білім алуды қамтамасыз ету арқылы өмірге басқа да азаматтармен бірдей мүмкіндік жасау қамтамасыз етілген. 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңына сәйкес мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік көмек: мемлекеттік жәрдемақылар мен өтемақылардан тұрады. Нақтырақ айтар болсақ, мемлекеттік бюджет тарапынан жәрдемақылар мен басқа да төлемдер беріледі, сонымен бірге, қосымша әлеуметтік көмектер жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс берушілер және қоғамдық ұйымдар арқылы әлеуметтік көмектер көрсетіледі. 2005 жылғы Қазастан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңының 14-бабына сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтар: әлеуметтік жағынан қорғалуға және әлеуметті жағдайын оңалтуға; әлеуметтік ғимараттарға, мекемелерге дүкендерге т.б басқада обектілерге еш кедергісіз кіріп-шығу мүмкіндігін қамтамасыз етуге; қоғамның саяси өмірінде  болып жатқан ақпараттарды алуда қол жетілімділікті қамтамасыз етуге; еш кедергісіз білім алуын қамтамасыз етуге; еңбек етуге және жұмыс түрін еркін таңдауға; медициналық көмекпен қамтамасыз етілуге; тұрғын үй заң талаптарына сәйкес баспанамен қамтамасыз етілуге; мемлекеттің саяси мәдени өміріне қатысу арқылы қызмет алуға құқықтары бар.

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Задача – вершить правосудие

Судья – юрист высшей квалификации, наделенный правом вершить правосудие....