Алматы қаласында балалар үйі тәрбиеленушілері арасында спартакиада өтті

Алматы қаласында балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында «Жанұя» мамандандырылған кешенінің негізінде спорттық спартакиада ұйымдастырылды. Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, Шара Алматы қаласы волонтерлерінің ұйымдастыруымен, «Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында өткізілді.

Спартакиадаға 100-ден астам бала мен жасөспірім қатысты. Сайыстар футбол, баскетбол, шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ спорт түрлері бойынша өтті. Іс-шараның басты мақсаты – балалардың спорттық қабілеттерін дамыту, командалық рухты нығайту, сондай-ақ олардың белсенді әрі сенімді ортада өзін еркін сезінуіне мүмкіндік беру.

«Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында жобасы аясында тәрбиешілер үшін түрлі шеберлік сабақтар, ойын форматындағы сабақтар, жеке даму тренингтері мен мәдени-әлеуметтік кездесулер ұйымдастырылуда.Олардың негізгі мақсаты – жасөспірімдердің шығармашылық, спорттық және қоғамдық белсенділігін арттыру, жеке қабілеттерін дамыту және қоғаммен етене байланысын күшейту.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жобалар балалар үйінің тәрбиеленушілерін әлеуметтендіру, өзін-өзі бағалау деңгейін көтеру және олардың қоғаммен байланысын кеңейтуге бағытталған:

«Біз үшін жай ғана іс-шара өткізу емес, балалар өздерін қамқорлық пен назарда екенін сезінетін орта қалыптастыру маңызды. Спорт – тәртіпке, сыйластыққа және мақсатқа жетуге үйретеді. Алматы волонтерлері ретінде, біз балалар үйлері мен әлеуметтік мекемелер тәрбиеленушілері үшін тұрақты түрде шығармашылық, білім беру және даму бағытындағы іс-шараларды өткізіп тұруға тырысамыз. Себебі, әр бала маңызды, әр балаға сенім қажет», – дейді жобаның үйлестірушісі Құдайберген Шәмші.

Айта кетейік, «Әлеуметтік шеберхана» жобасы бірнеше жылдан бері волонтерлерді, педагогтарды, психологтарды және тәлімгерлерді біріктіріп келеді.

Әлеуметтік көмектегі әділдік: мемлекет қолдауы кімдерге бағытталуы керек?

Айтпақшы, Жетісай ауданындағы бұл үй шынымен бар. Онда расында...

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...